Домой Теги бәліш алма

бәліш алма

Бұл беттен сіз "бәліш алма" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: алма (5), алма бәліш (5), Бауырсақты алма (3), бәліш (6), бәліш алма (3), бәліш дайындау (5), дәмді бәліш (7), дәмді тағам (9)

алма бәліш, бәліш дайындау

Алма-сүзбелі бәліш жасау

img_2982 Бізге қажет болады: - 500 гр сүзбе - толтырмай 1 стакан қант - 1 алма - 3 жұмыртқа - 1 стакандай ұн - 100 гр сары май - 50 гр қант пудрасы - 0,5 ш.қ. разрыхлитель Жұмсарған майды ұн + разрыхлитель + қант пудрасын араластырыңыз. Қолға жабыспайтын жұмсақ қамыр шығуы керек. Бір ыдыста сүзбе + қант + жұмыртқаларды араластырыңыз. Алманы аршып, төртбұрыштап тураңыз. Форманы майлап, түбіне қамырды қойып тегістеңіз. Осы кезде қамырдың барлығын қолдансаңыз болады, немесе мен сияқты, бір бөлігін үстін сәндеу үшін қалдырсаңыз да болады (бәліштің ең үстіне қамырдан гүл формасын жасап сәндеуге). Енді сүзбелі қоспаны қамырдың үстіне төгіп тегістеңіз. Алмаларды қант пудрасына малып, сүзбелі қоспаның ішіне қойып шығыңыз (кей алмалар өз ауырлығымен батуы мүмкін, еш қам жемеңіз – толығымен түбіне түсіп қалмайды). Енді алдын ала қыздырылған духовкаңызды 180С қойып, бәлішті 40-50 минуттай пісіріңіз. (мен бәліштің піскенін үстіндегі қызара бастаған “гүлге” қарап тұрдым). Жақсылап суытып алып ғана формадан шығарыңыз. Асыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
қаймақ, алма бәліш,бәліш жасау, дәмді бәліш,бәліш алма, алма пісіру, алма

Қаймақ қосылған кремді алма бәліші

қаймақ, алма бәліш,бәліш жасау, дәмді бәліш,бәліш алма, алма пісіру, алма Бізге қажет болады: Қамырын жасау үшін:
  • 150 гр сары май
  • жарты стакан қаймақ
  • 1,5 стакан ұн
  • 0,5 ш.қ. разрыхлитель
  • 4 алма тілімдері
Крем жасау үшін:
  • 1 стакан қаймақ
  • 5 ас қасық қант
  • 1 жұмыртқа
  • 2 ас қ. ұн
Жұмсартылған майға қаймақ қосып араластырыңыз. Енді ұн мен разрыхлительді қосып жұмсақ қамыр илеңіз. Песенье қамырындай болуы тиіс. Пісіретін ыдысыңызды аздап майлап жіберіп, соның ішіне қамырды тегістеп жайыңыз. Алмаларды аршып, жұқалап тілімдеңіз. Алма тілімдерді қамырдың үстіне тізіңіз. Крем үшін: қаймақты қантпен араластырыңыз. Жұмыртқаны, кейіннен ұнды қосып тағы араластырыңыз. Кремді алмалардың үстіне төгіп, біркелкі жайылуына ерекше назар аударыңыз. 180С духовкада бәліштің үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
қамыр мен алма, алма бәліш, бәліш алма, алма өосылған бәліш

Қамыр ішіне алма қосып бәліш дайындау

қамыр мен алма, алма бәліш, бәліш алма, алма өосылған бәліш Алма қосылған дәмді бәлішті жасайтын боламыз. Бізге қажет болады:
  • 2 алма
  • 1 жұмыртқа
  • 3 ас қасық қаймақ
  • 2 ас қасық қант
  • аздап тұз
  • 3 ас қасық ұн
  • аздап разрыхлитель
Алдыменен қамырын жасаңыз. Ол үшін, жұмыртқаға қант қосып араластырыңыз. Қантты алмалардың тәттілігіне қарай қосыңыз. Шырынды алмалар үшін 2 ас қасықтың өзі көп болуы мүмкін. Енді қаймақ пен аздап тұз қосып араластырыңыз. Ең соныңда ұн мен разрыхлитель қосып жіберіңіз. Қамыр қою қаймақ сияқты болуы тиіс. Енді алмаларды домалақтап кесіп, ортасындағы дәнек пен қатты жерлерін алып тастаңыз. Алмаларды қамырға малып, жақсылап қызған майға қуырыңыз. Қаға майлықтарға қойып “кептіріңіз”. Дайын алмалардың үстіне қант пудрасын себіңіз. Астарыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР