Домой Теги қатпарлы самса

қатпарлы самса

Бұл беттен сіз "қатпарлы самса" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: самса (3)

Өзбекше самса жасау

Құрамы: Қамырына:
  • Ұн – 4 стакан
  • Жұмыртқа – 1 дана
  • Жылы су – 1 стакан
  • Сары май – 100 гр
  • Тұз
Салмасына:
  • Қой еті
  • Қой майы
  • Пияз
  • Тұз, бұрыш
  • Дәмдеуіштер дәміне қарай
Самса дайындау тәсілі: Жылы суға жұмыртқа, тұз, сары май қосып, жаймен ұнды салып қамыр илейміз. Қамырымызды үш бөлікке бөліп, бетін жауып, 20-30 минутқа қойып қоямыз. Енді салмасына дайындап аламыз. Қой еті мен майын майдалап тураймыз. Пиязды майдалап турап, тұз бен бұрыш қосып, дәміне қарай дәмдеуіштер қосуыңызға да болады.Барлығын жақсылап араластрамыз. Қамырымыздың бір бөлігін алып, жайямыз да арасына ерітілген сары майды жағамыз.Келесі екі қамырымызды да дәл осылай жайып, арасына май жағып майы сіңгенше сәл тұрамыз. Енді қамырымызды рулет ұқсатып ораймыз. Қамырымызды бірнеше бөліктерге бөліп үсті үстіне қойып, шетінен қамырымызды дөңгелектеп жаямыз. Әр қамырымызға салмасын салып, дөңгелектеп, немесе үшбұрыш етіп жабыстырамыз ол енді өз қалауыңызда. Енді табамызды алып, майлап самсаны салып, самса бетін жұмыртқаның сарысын жағып бетінен мак себемізде пешке салып пісіреміз. Самсамыз дайын.

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР