- 200 гр фарш
- 1 үлкен асқабақ(кабачок)
- 1 ащы бұрыш
- 1 көк бұрыш
- 2 дана саңырауқұлақ
- 1 қызанақ
- 1 түйір сарымсақ
- 1 пияз
- тұз және аскөк
- 1 ш.қ. кептірілген жалбыз
Алдыменен жалбызды + сарымсақты + ащы бұрышты майға қуырып алыңыз. Пиязды майдалап турап қосыңыз. Пияз сәл қуырылып болған соң, етті қосып қуырамыз. Қызанақты аршып, қосыңыз. Тұздап, бұрыштаңыз.
Сарымсақ пен көк бұрышты турап қосыңыз. Кабачокты аршып, 1 см қалыңдықтағы ұзыншаларға тураңыз. Етке қосып, араластырыңыз. Қайнаған су қосып, астын басып бұқтырыңыз. Су тартыла бергенде, аскөк қосып жайлап араластырыңыз.
Асыңыз дәмді болсын!