Алма-Арасан шатқалына апаратын жол жөнделеді

Жол мәселесін Бостандық ауданының тұрғыны көтерді.

Оның айтуынша, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны – Алма-Арасан шатқалы. Экопостан өткенен кейінгі жол өте нашар.

Жыл сайын тек шұңқырларды жауып кетеді. Жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі,- деп сауал қойды аудан тұрғыны.

Ерболат Досаев бұл жолдың қалаға қарамайтынын айтты.

Бұл жол «Қазавтожолдың» балансында. Биыл жоба дайындап жатыр, келесі жылы құрылысты қаржыландыруға өтінім береді. Мен өзім жақында осы бағытта жүріп, бұл жолдың сапасын көрдім. Олар оны биыл алады деп үміттенемін. Сонымен қатар біз үшін туризм мен халық демалысын дамыту маңызды. Оларға қолдау көрсету үшін осы мәселеге өз үлесімді қосуға тырысамын,- деді Алматы әкімі.