Домой Теги алма пирогы

алма пирогы

Бұл беттен сіз "алма пирогы" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: алма пирогы (2)

алма пирог

Француз алма пирогін жасау

алма пирог Бізге қажет болады: - 10 ас қасық ұн - 8 қасық сүт - 4 ас қасық сүйық май - 2 жұмыртқа - разрыхлитель - 3-4 алма үстіне: - 100 гр сары май - 150 гр қант - 2 жұмыртқа Ұн мен разрыхлитель, сүт, май мен жұмыртқа араластырыңыз. Алманы аршып, жұқалап тұраңыз да, қамыр үстіне тізіңіз. 180С духовкада 20 минуттай пісіріңіз. Піскенге 5 минут қалғанда үстіне құйылатын заттарды араластырыңыз: сары майды қайнатып, ішіне қант езіңіз. Суытып, жұмыртқа қосыңыз. Бәрін араластырып, пирогтың үстіне төгіп, қайта духовкаға қойып, тағы 20 минут пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
Алма бәліш

Сүзбелі алма пирогы

Алма бәліш Бізге қажет болады: - 1 жұмыртқа - 2 қасық сары май - 70 гр қант пудрасы - 1,5 стакан ұн - ванилин - 1 ш.қ. разрыхлитель Ішіне:  - 4 алма - 1 қасық сары май - 2 қасық қант - 1 ш.қ. корица - 200 гр сүзбе - 1 жұмыртқа - 3 қасық қант img_2278 Майға қант пудрасы мен жұмыртқа қосып араластырыңыз. Ванилин мен аз аздап ұн қосып қамыр илеңіз. қамырда пісіретін ыдысыңыз диаметірінде жайып, оқтауға орап ыдысқа жайғастырыңыз. Қамырды шаңышқымен тесіп, 30 мин тоңазытқышқа қойып қойыңыз. img_2286 Алмаларды аршып, дәнегін алып тастап, жұқалап тураңыз. Қамырдың үстіне алмаларды бір бірінің үстіне келетіндей етіп тізіңіз. Алмалардың үстіне корица сеуіп, сары майды үгіттіңіз. Бөлек ыдыста сүзбеге жұмыртқа мен қант қосып араластырыңыз. Сүзбені алмалардың үстіне төгіңіз. Алдын ала ысытылған 190С духовкада 30-45 минут пісіріңіз. Асыңыз дәмді болсын, Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР