Домой Теги алма десерт

алма десерт

Бұл беттен сіз "алма десерт" тақырыбы бойынша барлық жаңалықты таба аласыз. Мақалалар саны: алма (5), алма бәліш (5), алма десерт (2), бәліш дайындау (5), бәліш жасау (5)

алма бәліш, алма суреті, бәліш суреті, бәліш сурет

Алма бәліш дайындау

алма бәліш, алма суреті, бәліш суреті, бәліш сурет Бізге қажет болады: - 2 алма - 3 жұмыртқа - 1 үлкен лимон - 250 гр ұн - 180 гр сары май - 100 гр қант пудрасы - 1 ш.қ разрыхлитель Алмаларды тазалап, майда төртбұрыштарға тұраңыз. Лимон қабығын майда үккіштен өткізіңіз. Лимон шырынын алмалардың үстіне сығыңыз. Сары маймен қант пудрасын араластырыңыз. Жұмыртқаларды бір-бірден қосыңыз. Ұнмен разрыхлительді араластырып, лимон цедрасымен бірге негізгі қоспаға үнемі араластыра отырып қосыңыз. Ең соңында тұралған алмаларды қосып, қасықпен араластырыңыз. Майланған ыдысқа төгіп, 180С алдын ала қыздырылған духовкада 40 минуттай пісіріңіз. Піскен біліштің үстіне қант пудрасын сеуіп сәндесеңіз да болады. Асыңыз дәмді болсын. Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/
қытай алмалары, алма десерт, карамельді алма

Карамельді алма жасаймыз

қытай алмалары, алма десерт, карамельді алма Карамельді алмалары  Қытай дәстүрлі десерті болып саналады.
  • 3 ас қасық ұн
  • 1 жұмыртқа
  • 2 ас қасық мұздай су
  • 2 алма (үлкен емес)
  • 2 ас қасық кунжут майы
  • кунжут пістесі
  • 3 ас қасық қант
  • қуыру үшін сұйық май
Ұн + жұмыртқа + мұздай су араластырыңыз. Алмаларды аршып, ортасын алып тастаңыз да, орта үлкендіктегі тілімдерге тураңыз. Алмаларға аздап ұн сеуіп,  жұмыртқа қоспасына қосып араластырыңыз. Қоспа алма тілімдерінің барлығына жағылуы керек. Енді сұйық майды жақсылап қыздырыңыз да, алмаларды қуырып алыңыз. Қуырылған алмаларды қағаз майлық үстіне түсіріңіз. Бөлек табаға кунжут майына қант ерітіңіз. Қант толығымен еріген кезде, майға кунжут пістесін, біраздан сон алма тілімдерін қосып араластырыңыз. Бұл десертті ыстықтай жеген жақсы. Қытайлар карамельдің тіске жабыспауы үшін, ыстық алма тілімді алдыменен суға батырып жейді. Ас болсын! Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР