Домой Авторы Посты от AinuR RM

AinuR RM

5 ПОСТЫ 11 КОММЕНТАРИИ

Түрік гөзлемесі

Бүгін редакциямызға Алма Нұралиева есімді аспаз қыздан "Түрік гөзлемесін" дайындау туралы рецептісі келіпті. Бір сәт бауырлас халықтардың асханасына бет бұрайық :) Түрік гөзлемесі Ингредиенттері:
  • Қаймақ -1 стақан
  • Ұн - 2 стақан
  • Фарш - 400 гр
  • Тұз
  • Сұйық май
  • Пияз
"Түрік гөзлемесін" пісіру әдісі: Алдымен ұн мен қаймақтан қамыр илеп, оны 10 минутқа бетін жауып қойып қоямыз. Сол уақытта фарш пен пиязды тұздап, суытып қоямыз. 10 минуттан кейін қамырды жұмыртқа көлеміндей етіп бірнеше бөлікке бөліп, әр бөлікті өте жұқа етіп жаямыз. Сөйтіп оларды құрғақ табаға екі жағын аунатып пісіреміз. Дайын қамыр лаваш сияқты болуы тиіс. Дайын лаваштардың ортасына піскен фаршты жайып салып, оны төрт бұрышты етіп бүктейміз де, жағылған табаға салып, үстін майлап аударып отырып пісіріп аламыз. Гөзлеме дайын! image-01-05-15-11-13 АС БОЛСЫН! :)

“Айлы түн” пирогы

Құрамы: Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы
  • Қант - 1 стақан
  • Жұмыртқа - 3 дана
  • Сүт - жарты стақан
  • Какао
  • Сұйық май - 3 ас қасық
  • Ұн - 1 стақан
  • Разрыхлитель - 1 шай қасық
  • Сүзбе
  • Қоюлатылған тәтті сүт
  • Шоколад
Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы Алдымен жұмыртқа мен қантты жақсылап миксермен қант ерігенше араластырамыз. Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы Какао, сұйық май, сүт (ішіне жаңғақ, мак, күнжіт т.б. салып жіберсеңіз де болады) қосып тағы жақсылап араластырамыз. Erke_ky3-дан кеңес: Шоколадный пирог пісіргенде ешқашан, ешқашан, ешқашан тамаққа қосуға арнайы дайындалған какао алушы болмаңыз! Пирогыңыз дәмді болсын десеңіз оның орнына балаларға арналған кәдімгі Nesquik, MixFix сынды тәтті какаоларды қолданыңыз. Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы Артынан ұн мен разрыхлительді қосып, бір қалыпты болғанша араластырамыз. Сөйтіп алдын ала дайындалған табаға жартысынан көп сұйық қамырды құямыз. Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы Ортасына сүзбе мен қоюлатылған сүтті қосып араластырып саламыз. Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы Үстіне қалған сұйық қамырды құямыз да, қызып тұрған пешке піскенше саламыз. Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы Erke_ky3-дан кеңес: Пирогтың піскенін шетіне ши тығып көру арқылы білеміз. Шиді пирогқа сұғып алғаннан кейін ол таза болса пирогтың дайын болғандығының белгісі. Дайын пирогты пештен шығарып, ыстық күйінше үстіне шоколадты үгіткіштен өткізіп себеміз. Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы Пирогты бөлген кезде іші осындай болып шықты: Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы "Айлы түн" пирогы дайын! Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы P.S. Шындығында пирогтың ішіндегі сүзбе астында емес үстінде болуы керек еді. Мен бірінші рет жасағандықтан білместіктен сұйық қамырды астына аз салып, сүзбе төмен түсіп кетіпті. Сол үшін материалдағы кеңестерге мән бере отырып дайындаңыздар :) Пирогыңыз дәмді болсын! Асханада болған: RakishevaA :)

Шабдалы бәліші

Бүгінгі жазбамда мен сізге өте қарапайым, әрі дәмді шабдалы бәлішін пісірудің жолын үйретемін. IMG_6945 Ингредиенттері:
  • Жұмыртқа - 3 дана
  • Қант - 1 стақан
  • Қаймақ - 1 стақан
  • Ұн - 1 стақан
  • Қамыр қопсытқыш - 5 гр.(разрыхлитель теста)
  • Шабдалы
IMG_6947 Шабдалы бәлішін пісіру әдісі: Ұн мен қантты тостағанға салып миксермен үлпілдеген үлкен көбік болғанға дейін қопсытып, қаймақ салып жақсылап араластырамыз. Үстінен ұн мен қамыр қопсытқышын салып қасықпен жақсылап араластырамыз. Шабдалыны 1 см-дей көлемде турап, сары май жағылған табаға салып шығамыз да, үстіне дайын сұйық қамырды құямыз. Сөйтіп табаны қызып тұрған пешке салып, дайын болғанша пісіреміз.
Өзіңіздің қалауыңыз бойынша суреттегідей етіп безендірсеңіз болады. Біраз фантазияңызды ойнатып көріңіз :)
IMG_6944 Шабдалы қосылған дәмді бәліш дайын! Асыңыз дәмді болсын :)  IMG_6934 IMG_6939 Асханада болған: RakishevaA :)

Сүзбе қосылған дәмді құймақ

Құймақ жасау үшін бізге қажет болады:
  • Жұмыртқа - 3 дана
  • Қант - 2 шәй қасық
  • Ас содасы - 0,5 шәй қасық
  • Тұз - 1 шәй қасық
  • Сүт (аздап су қоссаңыз құймақ тез күйіп кетпейді)
  • Ұн
  • Сұйық май - 1 ас қасық
  • Сүзбе
  • Қаймақ
  • Сары май
Дайындалу әдісі:  Тостағанға жұмыртқа, қант, ас содасы, тұзды салып әбдан миксермен араластырамыз. Артынан сүт/су құйып тағы араластырып, ұн қосамыз. Барлығын бір қалыпты массаға келтіргеннен соң бір ас қасық сұйық май қосамыз. Дайын болған сұйықтықты қызып тұрған табаға ас қасықпен құйып, төмендегі суреттегідей кішігірім құймақ жасаймыз.
Таба қызғанда бір шәй қасық сұйық май қосып жібергеніңіз абзал!

Дәмді құймақ

 Құймақтардың барлығына сары май жағып шығамыз. Артынан сүзбені аздаған қаймақпен және қантпен араластырып, құймақтардың арасына саламыз.

Дәмді құймақ

Асыңыз дәмді болсын!

Дәмді құймақ

Асханада болған RakishevaA :) 

Үй жағдайында пицца дайындау

IMG_6354 (Large) Пиццаның қамырын дайындау үшін:
  • Ұн - 1 стақан (200 мл)
  • Ашықты - 2 шәй қасық
  • Су - 10 ас қасық
  • Тұз - 0,5 шәй қасық
  • Сұйық май - 0,5 ас қасық
Алдымен 2 шәй қасық ашытқыға 10 ас қасықтай ыстық су құйып, үстіне 2 ас қасық ұн салып 20 минутқа қойып қоямыз. 20 минуттан кейін, 1 стақан ұн мен тұзды араластырып, үстіне дайын ашытқы мен жарты ас қасық сұйық май құйып қамырды илейміз.
Erke_ky3-ден кеңес: Егер қамыр сұйық болып кетсе аздап ұн қосыңыз, ал егер қаттылау болып кетсе аздап су құйыңыз.
Дайын қамырды екіге бөліп, үстіне орамал жауып 2 сағатқа қойып қоямыз. IMG_6309 (Large) IMG_6313 (Large) Екі сағаттан кейін көтерілген қамырды оқтаумен жайып, үстіне алдын ала дайындап қойған көкөніс, ірімшік, шұжық т.б. тағамдарды саламыз. IMG_6318 (Large) IMG_6326 (Large) IMG_6332 (Large) Пиццаны қызып тұрған пешке 25 минутқа салып қоямыз. IMG_6335 (Large) IMG_6353 (Large)Пицца дайын! Астарыңыз дәмді болсын ^_^ Дайындаған: RakishevaA

ТАНЫМАЛ ТАҒАМДАР