“Айлы түн” пирогы

15

Құрамы:

Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы

  • Қант – 1 стақан
  • Жұмыртқа – 3 дана
  • Сүт – жарты стақан
  • Какао
  • Сұйық май – 3 ас қасық
  • Ұн – 1 стақан
  • Разрыхлитель – 1 шай қасық
  • Сүзбе
  • Қоюлатылған тәтті сүт
  • Шоколад

Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы
Алдымен жұмыртқа мен қантты жақсылап миксермен қант ерігенше араластырамыз.
Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы
Какао, сұйық май, сүт (ішіне жаңғақ, мак, күнжіт т.б. салып жіберсеңіз де болады) қосып тағы жақсылап араластырамыз.

Erke_ky3-дан кеңес: Шоколадный пирог пісіргенде ешқашан, ешқашан, ешқашан тамаққа қосуға арнайы дайындалған какао алушы болмаңыз! Пирогыңыз дәмді болсын десеңіз оның орнына балаларға арналған кәдімгі Nesquik, MixFix сынды тәтті какаоларды қолданыңыз.

Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы
Артынан ұн мен разрыхлительді қосып, бір қалыпты болғанша араластырамыз. Сөйтіп алдын ала дайындалған табаға жартысынан көп сұйық қамырды құямыз.
Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы
Ортасына сүзбе мен қоюлатылған сүтті қосып араластырып саламыз.
Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы
Үстіне қалған сұйық қамырды құямыз да, қызып тұрған пешке піскенше саламыз.
Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы

Erke_ky3-дан кеңес: Пирогтың піскенін шетіне ши тығып көру арқылы білеміз. Шиді пирогқа сұғып алғаннан кейін ол таза болса пирогтың дайын болғандығының белгісі.

Дайын пирогты пештен шығарып, ыстық күйінше үстіне шоколадты үгіткіштен өткізіп себеміз.
Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы
Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы
Пирогты бөлген кезде іші осындай болып шықты:
Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы
Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы
Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы
“Айлы түн” пирогы дайын!
Блог - rakisheva: Айлы түн түнгі пирогы

P.S. Шындығында пирогтың ішіндегі сүзбе астында емес үстінде болуы керек еді. Мен бірінші рет жасағандықтан білместіктен сұйық қамырды астына аз салып, сүзбе төмен түсіп кетіпті. Сол үшін материалдағы кеңестерге мән бере отырып дайындаңыздар 🙂

Пирогыңыз дәмді болсын!

Асханада болған: RakishevaA 🙂

15 КОММЕНТАРИИ

  1. Керемет екен, келін болуға дайындалып жүргендерге оңай жағдай сияқты ма, қалай өзі…

    • Шоколадты қаншалықты көп салсаңыз түсі соншалықты қою болып шығады, ал аз салсаңыз қоңырқай болады. Өзіңіздің талғамыңызға қарай қосасыз…

  2. Какао жане разрыхлительди канша мол школе косу керек отинемин тез жауап беериниздерши

    • Адина, какаоны өзіңнің қаншалықты шоколады көп болғанын қалайтындығына байланысты. қара болсын десең көбірек, ашық болсын десең азырақ қос. Ал разрыхтительді бір шай қасық жетеді. Одан сәл көптеу қоссаң да болады. Пирогың күштііі болып шықсын 🙂

  3. Какао жане разрыхлительди канша молшерде косу керек отинемин тез жауап беериниздерши

  4. Какаодан,сузбеден,коюлатылган суттен жане шоколадтан канша молшерде косамын

    • Жаңыл, барлығы өзіңіздің пирогтың қандай болып шыққандығын қалайтындығыңызға байланысты ғой. Мысалы, какаоны қаншалықты көп салсаңыз түсі соншалықты қою болып шығады, ал аз салсаңыз қоңырқай болады. Қатты тәтті болсын десеңіз қоюлатылған сүтті көбірек қосыңыз. Сүзбені көбірек қоссаңыз чизкейк сынды болады бұл пирог. Аздау қоссаңыз бисквиті көп болады. Өзіңіздің талғамыңызға қарай қосасыз.

  5. Дәмді екеніне сенімдімін. Бірақ қанша градуста пісіру керек? Жауап тез жазыңыздаршы. Өтініш!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here