Кунжутты тауықты соя соусына қосып дайындаймыз

Кунжутты тауық,соя соусы,

Кунжутты тауық,соя соусы,

– 300 гр тауық филесі
– 1 ас қасық соя соусы
– 1 жасыл болгар бұрышы
– жарты жартылай ащщы қызыл бұрыш
– 1 ас қасық ұн
– 1 ас қасық кунжут
– аздап тұз
– майдалап туралған көк пияз
– жартыдан аз лимонның суы
– жарты стакан су
– 1 ш.қ. қант
– 1 ш.қ. кептірілген сарымсақ ұнтағы
– аздап ащщы қызыл бұрыш
– 1 ш.қ. картоп крахмалы

Тауықты қатты майда да емес, ірі де емес орта үлкендікте тураңыз. Соя соусымен араластырып, 15 минутқа демделуі үшін қойып қойыңыз. Бөлек ыдыста ұн + кунжут + тұз дайындап қойыңыз. Тауыққа ұн қоспасын қосып араластырыңыз да, аз майда 25-30 минуттай қуырыңыз. Тауық піскенге дейін. Ол уақытта соус дайындаңыз: лимон суы + су + көк пияз + қант + сарымсақ араластырыңыз. Пісейін деген тауыққа соус қосып, 5-10 минут буқтырыңыз. Ең соныңан крахмал қосып араластырыңыз да, астын өшіріп 3-4 демдеп, сервис жасаңыз. Қасына күріш пісірсеңіз де болады.

Дереккөз: aspazdik.com

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!