Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында көпбалалыларға арналған 40 пәтердің құрылысы басталады

Алматы облысында көпбалалыларға арналған 40 пәтердің құрылысы басталады

Текеліде көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға арнайы 40 пәтерлі тұрғын үй салынбақ. Бұл тұрғын үйдің құрылысы осы жылдың маусым айында басталып, 6 ай ішінде аяқталады.

Фото: Kn.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 40 отбасыға есептелген бұл жобаның сметалық құжаты былтыр дайындалған. Бүгінде мемлекеттік сараптамадан оң баға алып, керек қаражат бөлінді.

Қазіргі таңда қалада көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қалада көпбалалы 415 және тұрмысы төмен 197 отбасы тіркелген. Жақында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады. Құрылыс жыл соңына дейін жалғасады, — дейді Текелі әкімі Бақтияр Өнербаев.

Алматы облысында келесі жылы дәл осындай 40 пәтерлі екі тұрғын үй салынады. Олардың сметалық құжаты дайын, енді мемлекеттік сараптамадан өтсе, 2020 жылы тағы 80 отбасы баспаналы болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version