Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануға уақытша тыйым салынды

Қазақстанда Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануға уақытша тыйым салынды

Соңғы бес айда ұшақтың осындай моделі екінші рет апатқа ұшырап отыр.

Boeing 737 MAX. Фото: The Boeing Company корпорациясының баспасөз қызметі

Эфиопияда Boeing 737 MAX ұшағының апатқа ұшырауынан соң Қазақстанда әуе көлігінің осындай моделінің қолданылуына уақытша тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, Қазақстанда бір ғана Boeing 737 MAX бар.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 2019 жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстанда SCAT әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалану уақытша тоқтатылды. Қазақстандық реестрде мұндай типтегі бір ғана әуе көлігі тіркелген, — деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 10 наурыз күні Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Эфиопияның Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында апатқа ұшыраған еді. Борттағы 157 адам түгел опат болды. Марқұмдар – 35 елдің азаматтары. Ұшақта БҰҰ-ның 19 қызметкері де болған. ҚР Сыртқы істер министрлігі апатқа ұшырағандар арасында еліміздің азаматтары жоқ екенін хабарлады. Эфиопиядағы апаттан соң Еуропа елдері мұндай жолаушылар ұшағы үшін әуе кеңістігін жапты.

2018 жылдың қазанында Индонезияның Lion Air компаниясына тиесілі Boeing 737 құлаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version