Басты бет Жаңалықтар Астанада бұрын егіз тапқан ана енді үшемді дүниеге әкелді

Астанада бұрын егіз тапқан ана енді үшемді дүниеге әкелді

Екі ұл мен бір қыз бала бірнеше минут айырмашылығымен өмірге келді.

Фото: Vladtime.ru

Астанада 2019 жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл отбасында бұған дейін егіз дүниеге келіпті. Үшемді анасы №3 перинаталдық орталықта өмірге әкелген.

19 ақпанда Кесар тілігі арқылы бірнеше минут айырмашылығымен үшем дүниеге келді. Екі ұл мен бір қыздың әрқайсының салмағы — 2 149 грамм, 2 290 және 2 020 грамм, — деп хабарлады перзентхана мамандары.

Ана мен үшемнің денсаулығы жақсы, олар 26 ақпанда перзентханадан шығарылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version