The Planet of Art халықаралық фестиваль-байқауы жаңа таланттарды іздейді. Қазақстандағы ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорымен бірге жобаның биылғы маусымына қатысуға өтініш қабылдай бастады.
Фото: ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы
Биылғы фестиваль-байқау Жастар жылы мен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаты — жас орындаушыларды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін нығайту, балалардың шығармашылығын паш ету арқылы қазақстандық мәдениетті халықаралық аренада насихаттау. Халықаралық деңгейде жүзеге асырылатындықтан жоба аймақтағы елдердің талантты жастарының арасында мәдениетаралық байланыс пен достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған, — деп хабарлады ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясының өкілдері.
Фото: ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы
Жоба 1999 жылы «Балалар әлемді бейнелейді» атаумен бастау алды. Оны жыл сайын өткізу әдемі дәстүрге айналды. 20 жылдың ішінде оған 35 000 адам қатысты.
The Planet of Art-2019 халықаралық фестиваль-байқауына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің талантты жастары қатыса алады. 12–17 жас аралығындағы балалар вокал, аспап музыкасы және хореографиялық өнер аталымдары бойынша өзара бақ сынасады. Өнерімен өз ортасынан озып шыққан жеңімпаздарға тренингтер мен шеберлік сабақтары өткізіледі. 28 қыркүйекте гала-концерт ұйымдастырылады. Өнер байқауының жеңімпаздары Америкада және Еуропа елдеріндегі мәдени-оқыту бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады.
Фото: ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы
Фото: ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы
Фото: ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы
Фестиваль-байқауға қатысуға осы жылдың 1 мамырына дейін өтініш қабылданады. Толық ақпаратты Unescoclubs.kz. сайтынан білуге болады.