Басты бет Жаңалықтар Бағым Мұхитденова: Баян Есентаева ел алдына мәжбүрліктен шықты

Бағым Мұхитденова: Баян Есентаева ел алдына мәжбүрліктен шықты

Танымал продюсер Бағым Мұхитденова Баян Есентаеваның ел алдына мәжбүрліктен шыққанын айтып, БАҚ құралдарын кінәлады. Бұл ойын Бағым өзінің Instagram парақшасында жазды.

Көрнекі сурет ©arhar.kz

Есентаеваның сіңлісі болған оқиғалардың жанына қатты батқанын айтты.

«Танымалдылық… Оның өтеуі ауыр болып шықты… БАҚ құралдары мен телеарналар сені аямайды… Сенің ЖЕКЕ өмірің барлығын қызықтырады… Не, қалай, неге, не үшін, жайдан жай емес, демек себебі бар, САУАП БОЛДЫ, ӨЗІНЕ СОЛ КЕРЕК — өлімге бір табан жақындаудың не екенін елестете де алмайтын адамдардың пікірлері осы. Баянға не тілесеңіздер, Алла сіздерге соны екі еселеп қайтарсын!!! Телеарна рейтингін көтеру үшін өз ережелеріне бағынады. Журналистер Баянның, оның балалары мен ата-анасының қандай күйде екенін ойланбастан жеке өміріне қол сұғады (әріптес екендеріңізді біле тұра). Егер де БАҚ құралдары Баянның ЖЕКЕ өміріне араласа бермегенде, қайталап айтамын, ЖЕКЕ өміріне, ол бұл сұхбатты бермес еді! Ел алдына шығуға мәжбүр болды. Оны барлық телеарналар мен ақпарат құралдары да түсініп тұрған шығар. Таңғалудамын, мұның бәрі жаныма ауыр тиіп жатыр…» — деп жазды Бағым Мұхитденова желідегі парақшасында.

Популярность … плата за популярность жестока … Тебя не жалеют СМИ и Телеканалы … Всем интересна твоя ЛИЧНАЯ жизнь … Что, Как ,Почему, За что ,Не просо так , было за что , САУАП БОЛДЫ , ЗАСЛУЖИЛА — это всё коменты людей которые даже и представить не могут , что такое быть на миллиметр от смерти ?! Пусть вам АЛЛАХ даст вдвойне того , что вы желаете Баян !!! Рейтинги ТЕЛЕКАНАЛОВ диктуют свои правила ?? для журналистов важно покопаться в личной жизни не задумавшись ни на секунду , а каково сейчас Баян , что переживают её дети , что переживают её родители ( вас даже не смущает тот факт, что вы коллеги ) ?! Если бы СМИ не качали тему личной жизни ( ещё раз повторяю ЛИЧНОЙ ) жизни Баян , этого интервью и не было бы ! Это вынужденное интервью , это же ясно , но только не для наших сми и телеканалов !!! Я возмущена , мне больно от всего этого …

A photo posted by Bagym Mukhitdenova (@bagym_m) on

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды. Ал кейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берді.

4 пікір

  1. Халық қалаулысы өнерімен көрермендерін қуанта білген Баян Есентаевамен болған оқиға менің жек басымды қатты толғандырып өтті. Баянның Динара Сəтжанмен берген сұхбатында аитқан нақты да түиінді əрбір сөзі түисігі бар əр адамды толғандырмауы мүмкін емес деп оилаимын. Қысқаша түсінікті зерделі сөздері мені толғандырды өте. Ерлерден қорлық көрмеуі керек ешбір əиел заты. Сондай қоғам ашам деген өте миға қонымды пікіріде орынды аитылды. Баянға енді алдағы өмірінде тек сəттілік жəне шынайы махаббат тілеймін

  2. Баян ханым жағдайы бүкіл қазақ әйелдері қауымына өте ауыр тиіп отыр .Бүкіл қазақтың әйел заты сенімен бірге ,Баян.Ерінен таяқ жемеген қазақ әйелі кем де кем болар.Сен өзіңнің күштілігіңнен шықтың ел алдына. Ұялатын түгі де жоқ, Қорықпа !!! Енді қорықатын ештеңе де жоқ . Әлі бұрынғыдан да мықты боласың ,Саған күлгендер сенің шаңыңа да ілесе алмайды! Тек АЛҒА!!! Жаным Баян!!Бұл жағдай тек Голливуд Жұлдыздарынына тән елді шулататын жағдайдың бірі!Сен Қазақтың Әлемдік деңгей дегі Жұлдызысың!!!

  3. Ешким ештене жазбас еди,егер Баян озиниз елге корсетип жеке омиринизди жария кылмасаныз.Мен Сизге сол унайды содан куат алады деп тусинемин.Себеби,ангиме кушейген сайын озиниз жана озгеристерди апта емес кун сайын салып отыган кылыгыныз корсетеди.Ол ким ушин керек?

  4. Мен де сизге толығымен келісемин халыққа өнеге болатындай тамаша қылық жоқ оз қадирин кетирген қарапайым сауатсыз қатын ретинде тануға болады адамның рухани азығы оның мансабы ,қызмети немесе байлығымен өлшенбейди оз проблемасын жапан далаға жайып не ләззат алып отыр екен

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version