Басты бет Жаңалықтар Астаналықтар өрттен қаза тапқан бес баламен қоштасты

Астаналықтар өрттен қаза тапқан бес баламен қоштасты

Төтенше оқиға болған жерге келіп, қайғыға ортақтасушылардың қарасы көбейіп жатыр.

Youtube-тегі видео скриншоты

Астана тұрғындары «Көктал-1» тұрғын үй алабындағы өрттен қаза тапқан бес баланың сүйегін жер қойнына тапсырды.

Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салуға халық көп жиналды. Көпшілік алдына имам шығып, жаназа оқыды.

4 ақпанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үй өртенді. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес қыз бала қайтыс болды. Балалардың ата-анасы бұл кезде жұмыста болған. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қайғылы оқиғаға байланысты шұғыл жиын өткізіп, өрттің мән-жайын анықтауды тапсырды.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ірі төтенше оқиға қайталанбауы үшін Ішкі істер министріне және облыс әкімдеріне тапсырма берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version