Басты бет Жаңалықтар ҚР ҰҚК Сирияда Қазақстанның бірнеше азаматы өлтірілгенін хабарлады

ҚР ҰҚК Сирияда Қазақстанның бірнеше азаматы өлтірілгенін хабарлады

Қазіргі уақытта Сирия, Ирак пен Ауғанстандағы қақтығыс аймақтарында еліміздің 400-ге жуық азаматы жүр.

Фото: Justgiving.com

Сирияда өлтірілген Қазақстан азаматтары туралы дерек бар. Бұл туралы Астанада брифинг барысында ҚР ҰҚК департаментінің басшысы Бақытбек Рахымбердиев айтты.

Арбаушылар, әсіресе, шетелдіктер интернет арқылы азаматтарымызға хабарласқан. Үгіт-насихат әлеуметтік желілерде жүргізілген. Ол жақта жақсы тұрмыс бар екені айтылған. «Ол жақта әділ өмір бар, барлық діни ереже сақталады» деп, адамдарды арбаған, — деді Бақытбек Рахымбердиев.

Оның айтуынша, қазір қақтығыс аймақтарында — Сирияда, Иракта және Ауғанстанда әлі де 380-ге жуық қазақстандық бар. Көбі — әйелдер, олармен бірге 400-500 бала тұрып жатыр.

Олар барып, жағдай анау айтқандай емес екеніне, ешқандай әділдік жоқ екеніне көз жеткізген. Ол жақта мұсылмандар мұсылмандармен соғысып жатыр. Бір қауым бір қауыммен, тағы сол сияқты. Ол жаққа барып алғаннан кейін қашып шығу мүлдем мүмкін емес. Ол үшін өлім жазасына кесуі мүмкін. Біздің бірнеше азаматымыз қашуға әрекеттенгені үшін өлтірілген деген дерек бар, — деді ҚР ҰҚК өкілі.

Еске салайық, 6 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген «Жусан» гуманитарлық шарасының нәтижесінде Сириядан 47 азамат, соның ішінде 30 бала елге қайтарылды. Қазіргі уақытта олардың арасындағы 6 ер адам мен бір әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл жетеуіне террорлық әрекетке қатысы бар деген күдік келіп отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version