Басты бетЖаңалықтарЭлектр энергиясы...

Электр энергиясы мен жылу қызметтеріне қарыз астаналықтар арасында акция жарияланды

Акцияға қатысу үшін осы жылдың 31 желтоқсанына дейін электр мен жылу қызметтеріне берешектері толығымен өтеу керек. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке тұлғалар үшін акция 6-31 желтоқсан аралығында өтеді.

Шара аясында осы жылдың 31 желтоқсанына дейін электр және жылумен жабдықтау қызметтерінің берешектерін толығымен өтеген тұтынушыларға төленбеген өсімақыларының 100 мың теңгеге дейін көлемін бір жолға есептен шығарылады, — делінген «Астанаэнергосбыт» хабарламасында.

«Жаңа жылға — қарызсыз» акциясының шарты:

  • берешекті төлеу (бар болса);
  • 2018 жылғы қараша айының төлемдерін төлеу;
  • төлем 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін төленуі тиіс.

«Астанаэнергосбыттың» барлық сервис-орталықтарында, сондай-ақ терминалдар және онлайн-сервистер арқылы қарыздарды төлеуге, өсімпұлдарды есептен шығаруға болады. Борыштың өтелгендігі туралы түбіртекті берудің қажеттілігі жоқ. Барлық төлем операциялары автоматты түрде деректер базасына енгізіледі. Өсімпұлдың есептен шығарылуы қаңтардың түбіртегінде көрініс табады.