Басты бет Жаңалықтар Төреқұлов оқулары. Қазақтың тұңғыш дипломатының мерейтойы аталып өтті

Төреқұлов оқулары. Қазақтың тұңғыш дипломатының мерейтойы аталып өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тұңғыш қазақ дипломаты Нәзір Төреқұловтың мерейтойына арналған Төреқұлов оқуларының ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Фото: Еnu.kz

Конференция жұмысына мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетелдік дипломатиялық миссиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері әрі ғалым-шығыстанушы Нәзір Төреқұлов мұраларын тереңірек зерттеп зерделеуді мақсат еткен конференцияда қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының өзекті мәселелері талқыланды.

Конференция келесі секциялар бойынша жұмыс істеді: Нәзір Төреқұловтың Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қалыптасуына қосқан үлесі және қазіргі заманғы дипломатия; XXI ғасырдағы халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері; Жаһандану дәуірінде сандық дипломатияның ролі және халықаралық қатынастардың заманауи жүйесіндегі экономикалық дипломатия.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version