Басты бет Жаңалықтар Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін кандидаттардың есімін атады

Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін кандидаттардың есімін атады

Мехико ұлттық автономдық университетінің (Мексика) бұрынғы КСРО елдері бойынша сарапшысы, профессор Ана Гутьеррес дель Сид Өзбекстан президенті болуы мүмкін деген үш кандидаттың есімін атады»

Ана Гутьеррес дель Сид

«Өзбекстан президенті атануы мүмкін үш кандидат бар. Олар: премьер-министр Шавкат Мирзиеев, бірінші вице-премьер, қаржы министрі Рустам Азимов және Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов. Осылардың ішінде Шавкат Мирзиеевтің мүмкіндігі жоғары»

Айта кетейік, Ислам Кәрімов 27 тамыз күні таңертеңгі 09.00 шамасында ес-түссіз күйінде Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлік-санитарлық бірлестігінің Орталық клиникалық ауруханасына жеткізілген болатын. Ал 2 қыркүйек күні жүрегі тоқтап, дүниеден озды. Сенбі күні Самарқанда жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсіміне ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов қатысып, Елбасының көңіл айту хатын оқып берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version