Басты бет Жаңалықтар Қазақстандықтар демалыс күндері қысқы ауа райын сезінеді

Қазақстандықтар демалыс күндері қысқы ауа райын сезінеді

10-12 қараша күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына Батыс Сібір аудандарынан ауысатын суық фронттар ықпал етеді.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Brian Edward Miller

«Қазгидромет» РМК мамандары 10-12 қараша күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Гидрометеорологтардың мәліметінше, демалыс күндері Қазақстанның көп облысында қар жауып, боран соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады, бұл өңірлерде дүйсенбіде де қар жауып, боран соғады. Батыс Сібір аудандарынан ауысатын суық фронттардың әсерінен қыстағыдай ауа райы қалыптасады. Арктиканың ылғал ауасын әкеліп, республика аумағында күннің сууына себеп болатын да — сол.

Бұл күндері ауа температурасы климаттық нормадан 2-5 градусқа, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда 5-10 градусқа төмен болады, — делінген «Қазгидрометтің» хабарламасында.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version