Басты бет Жаңалықтар Ресей 7-8 қыркүйекте «Паралимпиада» өткізеді

Ресей 7-8 қыркүйекте «Паралимпиада» өткізеді

Ресей келесі аптада Бразилиядағы ойындардан шеттетіліп қалған паралимпшілерге арнап екі күндік жарыс өткізбекші. Ресейдің Паралимпиада комитетінің төрағасы Владимир Лукиннің сөздерінше, жарыс 7-8 қыркүйек аралығында Мәскеу облысында өтеді.

Фото: ТАСС

Халықаралық паралимпиада комитеті халықаралық тергеу Ресейде допинг-бағдарламаның бар екенін анықтағаннан кейін ресейлік құраманы ойындардан шеттеткен болатын. Өткен аптада бұл іске қатысты апелляциялық шағымды Спорттық арбитраж соты кері қайтарды.

Ресей Паралимпиада комитетінің төрағасы Влдимир Лукин паралимпшілерге Риода өтетін паралимпиаданың жүлдесімен тең сыйақы тағайындалатынын хабарлады.

7-18 қыркүйек аралығында Рио Паралимпиадасында спорттың 22 түрінен 528 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан Паралимпиада спорты тарихында алғаш рет 11 жолдама жеңіп алып, спорттың бес түрінен ел намысын қорғайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version