Алматыда ең мықты киберспортшылар анықталады

Алматыда Қазақстан Киберспорт федерациясының қолдауымен киберспорттан World Electronic Sports Games (WESG) әлем чемпионатының LAN-ақтық сынына іріктеу өтеді.

Қазақстандық іріктеу сынының жүлде қоры — 5,5 миллион доллар. Ақтық сайыс қатысушылары — киберспорт санатына кіретін танымал ойындардан (Dota 2, CS: GO, StarCraft 2, HearthStone и PES) Online біліктілік айқындап, келесі кезеңге шыққандар. Ол кезең қазанның 15-і мен 30-ы аралығында өтті.

Еліміздің ең мықты киберспортшылары 11 қараша күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында анықталып, халықаралық аренада Қазақстан намысын қорғайды. Бұл сайыста қазақстандық ойыншылар Орталық Азия елдері ойыншыларымен сайысқа түседі. Чемпионаттың бұл кезеңіне 125 елден 60 000 адам қатысады. Әлем чемпионатының ақтық сыны Қытайдың Шанхайында келер жылдың басында өтпек.

LAN-ақтық сынының іріктеу кезеңі 11 қарашада сағат 11.00-де салтанатты жағдайда  ашылады.