Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Иордания короліне көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Иордания короліне көңіл айтты

Өлі теңіз аймағында көпір опырылып, мектеп оқушылары мінген экскурсиялық автобусты су ағызып әкетті.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Аkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Иордания королі ІІ Абдаллаға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Өлі теңіз аймағындағы табиғат апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айрылған отбасылардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, — делінген жеделхатта.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, Иорданияда нөсер салдарынан Өлі теңіз аймағында көпір опырылып, мектеп оқушылары мінген автобусты су ағызып әкетті. Оқиға салдарынан қаза тапқандардың саны 19 адамға жетті. Автобуста барлығы 46 адам болған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version