Томыртқа ішкен торықпайды

Қазақта дәмді астан кейін сорпаны ортаға алып келіп, оны сораптап ішу дастархандағы әңгімені үстеуге керемет тәсіл болған. Келген қонақтың құр қайтармайтын халқымыз сорпаны талғам бойынша ұсынуды да жөн көреді.

Тойымды асты кейбіреу айран қосылған сусынмен аяқтайтын болса, енді бірі еттен кейін майлы сорпаны қалап жатады. Томыртқа — ыстық, майлы сорпаға таза мұз салып жасалған сусын. Көбіне жылқы еті асылғанда жасалады.

Ауыз әдебиетінде «Маған жоқ майлы омыртқа, көзден ұшты-ау томыртқа»  деген өлең жолдары бар. Бұл жол қай ақынның қамыққан кездегі сөзі екені белгісіз, бірақ томыртқа сусынының күнделікті тұрмыстың бір бөлшегі екені көрінеді. «Томыртқалау» сөзі «ыстықты суыту» деген мағынаны білдіреді, яғни томыртқа сусынының жылы сорпа екенін түсінуге болады.

Томыртқаға пияз, таужуа, атшоңқай, атқұлақ, қымыздық, шалқан кірен, ашкүкей, арала, бозбұға, күрмек, тамырдәрі, күшала сияқты басқа да өсімдіктер қосылады.