Басты бет Жаңалықтар Универсиадаға Қазақстаннан 191 спортшы қатысады

Универсиадаға Қазақстаннан 191 спортшы қатысады

Келер жылы болатын XXVIII Қысқы Универсиадаға 191 қазақстандық спортшы қатысады. «Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ жетекшісі Наиль Нұров осылай дейді.

Қазіргі уақытта ұйымдастыру комитеті жарыстарға дайындықтың белсенді кезеңін бастады. Универсиада 2017 жылғы 29 қаңтар және 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Оған қатыстатынын 58 мемлекет  растап отыр. Жарыстар 12 спорт түрі бойынша 8 спорт нысанында ұйымдастырылады.

«Универсиадаға арнап салынып жатқан жаңа 3 мың орындық мұз айдыны мен 12 мың орындық мұз айдындарының құрылысы 90 пайыз  аяқталды. Сонымен қатар Алматы қаласының Алатау ауданында техникалық жағынан шамамен 5 мың қонақты қабылдай алатын атлеттер ауданы салынып жатыр. Барлық объектілер жоспардан 2-3 айға озып салынуда. Универсиада объектілері бойынша қазақстандық өнімнің үлесі 60 пайызды құрайды», — деп хабарлады Наиль Нұров.

Универсиаданы өткізуге 127 халықаралық төреші және 600-ге жуық ұлттық техникалық мамандар қатысатын болады.

Айта кетейік, Универсиаданың өту барысын тәулік бойы онлайн-режимде бақылап отыратын Ойындарды басқару орталығы іске қосылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version