Басты бет Жаңалықтар 18 қазандағы ауа райы: тұман, көктайғақ, бұрқасын

18 қазандағы ауа райы: тұман, көктайғақ, бұрқасын

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Фото: Аvatars.mds.yandex.net

Тек батыста, оңтүстік-батыста күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін артады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с-қа жетуі мүмкін.

Қостанай, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, қатты жел соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version