Басты бет Жаңалықтар Ғалымжан Өсербаев жартылай финалға шықты

Ғалымжан Өсербаев жартылай финалға шықты

Еркін күрестен Рио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғап жатқан 74 келідегі қазақстандық Ғалымжан Өсербаев ширек финалда 2014 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жапониялық Сосукэ Такатанимен жолықты.

Қызылордалық балуан соңғы сәтте ұпай алуға шебер. Бірінші кезеңде ұтылып келе жатқанымен, шешуші уақытта серпіліп, жеңісті жұлып алады. Алғашқы үш минуттықта Күншығыс елінің балуаны екі ұпай еншіледі. Ал екінші кезеңде Өсербаев бірден төрт ұпай еншіледі. Соның арқасында жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, қазақ балуаны осының алдында 1/16 финалда молдавалық Евгений Недялконы, 1/8 финалда кубалық балуан Ливан Лопесті ұтқан болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version