Басты бет Жаңалықтар Астанада дін басшылары «Бейбітшілік қабырғасына» тәу етті

Астанада дін басшылары «Бейбітшілік қабырғасына» тәу етті

Съезге қатысушылар Жаратқанға бір мезгілде, бір жерде мінәжат ету арқылы барлық конфессияның әлемдегі бейбітшілікті қолдайтынын білдірді.

Фото: Аkorda.kz

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі аясында «Бейбітшілік қабырғасы» монументі алдында әлемдік дін басшылары бір уақытта мінажат етті.

Дін басшыларының Құдайға сыйыну процедурасы бірнеше минутқа созылды. Осыдан кейін «Бейбітшілік қабырғасының» алып экранынан әлемдегі ең ірі апаттар, ядролық қару жарылыстары туралы видео көрсетілді. Мәтін орыс тілінде болғанымен қатысушылар үшін тікелей аударма жүргізілді.

Кеше Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды. Қазақстан Президенті әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларын діни құндылықтарды саяси идеологемалардан ажыратуға күш салуға шақырды.

«Бейбітшілік қабырғасының» 29 тамыз күні ашылғанын еске сала кетейік.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version