Басты бет Жаңалықтар Эльмира Суханбердиева қайтадан Білім және ғылым вице-министрі болды

Эльмира Суханбердиева қайтадан Білім және ғылым вице-министрі болды

Ресми мәлімет бойынша шенеунік бала күтіміне байланысты демалыста болған.

Эльмира Суханбердиева. Фото: Іnformburo.kz

Эльмира Суханбердиева ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметіне оралды. Бұл мәліметті министрліктің баспасөз қызметі растады.

ҚР БҒМ өкілдері Эльмира Суханбердиеваның 2018 жылдың 17 қыркүйегінде ҚР Еңбек кодексінің 100-бабы 4-бөлігіне («Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс») сәйкес, өз қызметіне оралғанын хабарлады. Ол өз орнына келген Талғат Ешенқұловты алмастырды. Талғат Ешенқұловтың тағайындалуы жайлы ресми құжатта Суханбердиеваның балаға қарау үшін демалысқа шыққаны жазылған.

Еске салайық, 14 қыркүйекте Талғат Ешенқұлов Білім және ғылым министрлігінің вице-министр қызметінен босатылып, Білім және ғылым саласында бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді. Айта кету керек, бір жыл бұрын Эльмира Суханбердиеваның аты-жөні «Болашақ» стипендиясының иегерлерінің тізімінде пайда болған еді. Кейін ол өзіне стипендияның қалай тағайындалғанын түсіндірді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version