Мелахат Білге Демиркөз
Фото: Еуразия ғылыми-зерттеу институты

Алматыдағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында “Түркияда ғарыштық радиация тесттерін жасау жобасы: CERN-мен ынтымақтастық” тақырыбында семинар-конференция өтті. Семинарды Қазақстанға ғылыми іс-сапарымен келген, Түркияның Таяу Шығыс техникалық университетінің (ODTÜ) оқытушысы және Юнус Эмре институты Ғылыми кеңесінің мүшесі, профессор, доктор Мелахат Білге Демиркөз жүргізді. Конференцияға Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы, Риза Қаған Йылмаз бастаған қонақтар мен институты қызметкерлері қатысты. Конференцияны Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер мен бас консул Риза Қаған Йылмаз мырзалар ашып берді.

Йылмаз мырза профессор, доктор Мелахат Білге Демиркөздің ғарыштық зерттеулер саласындағы жетекші ғалымдардың бірі екенін және ғарыш зерттеулері біздің болашағымыз үшін өте маңызды болатынын айтты.

Мелахат Білге Демиркөз
Фото: Еуразия ғылыми-зерттеу институты

Конференцияда Мелахат Білге Демиркөз “Түркияда ғарыштық радиация тесттерін жасау жобасы: CERN-мен ынтымақтастық” тақырыбы аясындағы зерттеумен таныстырды. Халықаралық ғарыш станциясындағы магниттік альфа-спектрометр (AMS-02) тесті ғарыштық сәулелердің ішіндегі түрлі бөлшектің ағындарын өлшейтінін және әлемнің құрылымдық блоктарынан бұл радиацияның өзгеруіне дейін бірқатар ақпарат жинайтынын айтты.

Біздің жұмыс тобымыз қатысқан AMS-02 тесті нәтижесінде шыққан ақпарат арқылы Түркияның жерсеріктеріне әсер ететін ғарыштық радиацияның мөлшері есептеледі. Сондай-ақ, Анкарада METU Шашырамалы шоғырлы желі (SDH) жобасы мен ғарыштағы радиацияға қарсы электрондық компоненттер мен материалдардың ESA 25100 стандартына сәйкес тесттер жасалатын сынақ алаңы құрылды, – дейді Мелахат Білге Демиркөз.

Конференцияда Демиркөз 30 мВт протондардың көмегімен алдын ала жасалған сынақтарда 9 түрлі ұйым мен мекеме шығарған электроникалар мен материалдарға сынақ жүргізілгенін және радиацияға қарсы қорғанысы өлшенгенін айтты. Болашақта CERN мекемесіндегі Жоғары радиацияның үлкен адрондық коллайдері үшін жасап шығарылған электроникалардың сынақтарын жасау да жоспарда бар екенін жеткізді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!