Қарын бөртпе – жаңа сойылған малдың етінен жасалатын тағам. Қойдың етін, бауыры мен майын ұсақтап турайды. Ұн мен көкөніс немесе күріш қосуға болады.

Қарын бөртпе

Астың дәмін келтіру үшін тұз бен бұрыш қосады. Әзір болған қоспаны қатты толтырмай қарынға  немесе бүйенге салады. Бір шетін түйіп, ағаш істікпен түйрейді немесе тігіп қояды. Содан кейін оны қайнап жатқан суға пісіреді.

Қарын бөртпе

Баяу маздаған оттағы қарынды бірнеше рет аударыстырып тұру керек. Бір сағаттай уақыттан соң оны шанышқымен піскілеп, ыстық буын шығару керек, әйтпесе қарын жарылып кетуі мүмкін.

Ас барлығы 1,5-2 сағатта дайын болады. Буы басылып, суыған қарынды тіліп, ыдысқа салады.

Қарын бөртпе

Қарын бөртпенің бір түрі – бұжы. Оны дайындау үшін малдың әбден жуылып, теріс айналдырылған тоқішегіне ет пен майды, бауырды өте ұсақ етіп турап салады. Қазіргі кезде етті фарштап салуға да болады.

Қарын бөртпе

Қоспаға тұз, пияз бен дәмдеуіштер қосады. Шұжықты баяу отта қайнап жатқан суға 1,5-2 сағат пісіреді. Мұны да инемен немесе шанышқымен піскілеп, ауасын шығару қажет. Бұжыны халқымыз қымыз бен шұбатқа салқын тіскебасар қылып жейді.

Қарын бөртпе

“Шаңырақ” үй-тұрмыстық энциклопедиясының мәліметінше, қарын бөртпе мен бұжыны әзірлеуге 300 грамм ішмай, 500 грамм ет, 300 грамм бауыр, 300 грамм бидай ұйы, 3 бас сарымсақ, 1 шай қасық бұрыш, 1 ас қасық тұз керек.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!