Басты бет Жаңалықтар «Сақалдылар» «сотка» сатуға неге құмар?

«Сақалдылар» «сотка» сатуға неге құмар?

Шымкентте «Гарант» деген ұялы телефондар мен компьютердің қосалқы бөлшектерін сататын үлкен сауда орталығы бар. Өзі тура қаланың қақ ортасында, адамдардың ең көп жүретін жерінде орналасқан.

Сол дүкеннің алды «сақалдыларға» тола. Бәрі де б/у «сотка» сатумен немесе оларды жөндеумен айналысады.

Алғашқыда «бұларды ешкім жұмысқа алмағандықтан саудамен айналысады ғой» деп мән бермейтінбіз. Өйткені, «сақалдылардың» көбі ЖОО-ны соңына дейін оқымайды, диплом алғандарының көбі базар мен мешіттердің маңын жағалаудан ары аса алмайтыны белгілі. Кейін байқасақ, тек Шымкентте емес, Қазақстанның барлық қалаларында да б/у «сотка» сатумен «сақалдылар» айналысады екен. Алматыда, Астанада, Ақтөбеде, Жезқазғанда көргеніміз осы.

Неге бұлай деп бас қатырып жүрсек, жауабын құқық қорғаушылардың өздері білетін секілді. Белгілі журналист Арман Сқабылұлының айтуынша, бұл сауалдың жауабын оған зейнеттегі полицейлердің бірі айтып берген екен.

«Неге олар негізінен осы кəсіпке үйір? Бұл сауалды ішкі істер органдарында ұзақ жылдар істеген танысыма қойдым. Аты — жөнін белгілі себептерге байланысты атай алмаймын.

— Бізге ұялы телефондарын ұрлатқан, жоғалтқандар жиі арыз жазады, — дейді ол, — жеке коды арқылы көбіне тауып беріп жатамыз. Бірде сондай бір телефонды таптық. Бір жас бала ол «сотканы» «Көк базардан» сатып алған екен. Сатқан «сақалды». Үйге келіп шұқылап көрсе ұялы телефонның ішінде арнайы файлға жинақталған түрлі уағыздар бар болып шыққан. «Сақалдылардың» бұл саудаға қызығуының бір себебі осы. Байқамағансып ескі телефонға уағыз толы файлды қалдыра салады. «Сотканың» жаңа иесі файлды ашса болды. Əрі қарай сананың уағызға улануы басталады… Ал, «сақалдының» бұл қылмысын мойнына қою тіпті қиын. Өйткені ол да бұл телефонды біреуден сатып алды ғой.

…Танысымның бұл əңгімесіне тиісті органдар назар аударады деп ойлаймын. Меніңше бұл «сақалды» мен «соткаға» байланысты құпияның бір ғана мысалы. Бұларды басқа да мəселелер байланыстыруы əбден мүмкін», — дейді журналист өзінің Facebook парақшасында.

Журналист Бауыржан Карипов те «сотка» сататын сақалдыларды тексерген жөн деген пікірде. Өйткені, шұқып-шұқып телефонды іске қосқан адам өзге де нәрсені іске қоспайтынына кім кепіл дейді ол.

Мұның бәрін неге айтып отырмыз? Кеше Алматыда полиция бөліміне шабуыл жасап, 5 адамды атып өлтірген күдіктінің салафилермен тығыз байланыста болғанын ҚР ҰҚК төрағасы В.Жұмақанов айтты. Теракт жасады деп қамауға алынған Руслан Куликбаев бұрын ұялы телефон сатумен де айналысқан екен. Демек, мұны дабыл қоңырауы деп түсінген дұрыс шығар. Ауруын жасырған өледі дейді атам қазақ. Енді құқық қорғаушылар проблеманы қазірден шешуі тиіс. Әйтпесе, жар астындағы жау жағадан алды.

26 пікір

  1. Гаранттан бірнеше рет бұрын қолданылған телефон алғанбыз, бұндай жағдай ешқашан кездескен емес, шындыққа жанаспайды…..

  2. Шындыққа жанаспайды, олардың соткаға уағыз көшіріп отырудан баска істейтін істері жоқ деп ойлайсызба, сіз айтпақшы сақал қойып ислам дінінде жүру үшін уағыз жеткіліксіз. Саудада береке бар деген, сол себептіде олардың нан тауып жеп отырған кәсібі. толық зерттелмеген ақпаратты мақала етіп, халықты шатастырмауыңызды сұраймын.

  3. Статьяны жазган адам имансыздыктан куалапкеткен. Басы iстемей, фантазияны косып, былдырлапкеттi. Шайтан-малгуннын уагыз-жарнамасын байкамайсындар, букiл «инфориационный источниктер» сол шайтаннын уагызын кобейтедi:ТВ, радио, кино, журнал-газет, кошедегi жарнамалар — адепсiздiк омiрдi жариялайды: казак елiмiздiн айел-кыздарымыз кыска киiм киiп жаланаштанып журiндер деп; денсаулыкка зиян келтiретiн темекi-аракты шегiндер-iшiндер деп жариялайды; барлык той-мейрам-кездесулердi аракпен мас болып шайтандатып-билеп-секiрiп откiзiндер деп жариялайды; презерватив сатыпалып, зинакорлыкты кобейтiндер деп жариялайды жане т.б. Осындай шайтанский уагыз байкамайсындар, какой-то бiр соткада жазылган — мусульман болып, иманды, адептi болып жаксы омiр сурiндер деп уагызды — «кылмыс» деп санайсындар!!! Негiзi адептi бакытты омiр ислами-иманды жолда болады!!! Сакалды жиберу мiндетемес, бiрак сол сакалды жиберу — кылмыс емес, ол — Суннет — Пайгамбарымыздын (с.а.с.) айткан созiннен: «мусульман болсандар- сакалды жиберiндер» деп айткан!!! Иманды адамдардан корыкпандар, имансыз жолдан сактаныныздар!!! А всякий там терроризм — это политические игры!!!

  4. Сакалдылар коп сока сатады ол зерттелген шымкентти билмейм жеке мен астанада коргем.ол рас….Алланын жолында журген жане оган лагынет жасап журген пенделерды онды солын танитын еси дурыс адам тез ажыратады.Себеби маселе саклда соткада емес ар пенденин озине байланысты.осы жайлы ойланындар.ар исинди жетиред олшеп бирлед кес.Алланын суннетинин бири ол мейримдилик,кастык емес………

  5. дұрыс пікір,,бұларды сол сотка жасайтын жерінен неге полиция қудаламайды…халыққа қауіпті адамдар бұлар..дұрыстап тексеріп точкаларын жабу керек…

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version