Басты бет Жаңалықтар Алматыда және тағы бірнеше елді мекенде жер сілкінді

Алматыда және тағы бірнеше елді мекенде жер сілкінді

Алматылықтар МSК-64 шкаласы бойынша 4 балл болатын тербелісті сезген.

Фото: Іnform.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, 31 тамыз күні Астана уақыты бойынша 18.21-де Алматыда жер сілкінді.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 53 шақырымда — Қазақстан аумағында анықталған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.0. Магнитудасы MPV 5.2.

Алматыда жер сілкінісі МSК-64 шкаласы бойынша 4 балл түрінде сезілді. Талғарда — 3-4, Қотырбұлақ елді мекенінде — 3-4, Қорам елді мекенінде 3 балл, Қастекте — 2-3 балл, Саты елді мекенінде 2 балл болып байқалған. 

Алматы ІІД Жедел басқару орталығы мен төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сілкініс салдарынан зақым келген нысандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version