©Аkimat-pvl.gov.kz
0%

Қазақстан азаматының қай ұлт өкілі екенін кім анықтайды?

Дұрыс! Қате!

Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. 19-бап

Мемлекеттік рәміздердің сипаттамасы мен ресми пайдаланылу тәртібі қандай құжатпен белгіленеді?

Дұрыс! Қате!

Тудың, Елтаңбаның және Гимннің сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. 9-бап

Бала тәрбиесі - кімнің міндеті?

Дұрыс! Қате!

Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. 27-бап

Қазақстан Парламенті мәжілісі депутаттарының өкілеттік мерзімі қанша жыл?

Дұрыс! Қате!

Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. 50-бап

Кімдер қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуі тиіс?

Дұрыс! Қате!

Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс. 23-бап

Конституциямыз бойынша Қазақстан Республикасы:

Дұрыс! Қате!

Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. 2-бап

Қазақстанда билікті кім иемденіп кете алады?

Дұрыс! Қате!

Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. 3-бап

Су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі кімнің меншігінде болады?

Дұрыс! Қате!

Су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. 6-бап

Президенттің кезектен тыс сайлауы кімнің шешімімен тағайындалады?

Дұрыс! Қате!

Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі. 41-бап

Тұрғын үйден айыруға кімнің шешімімен жол беріледі?

Дұрыс! Қате!

Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді.25-бап

Әр азамат өз құқығы мен бостандығын қандай орган арқылы қорғай алады?

Дұрыс! Қате!

Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.13-бап

Қазақстан Конституциясы баптарын жатқа білесіз бе?
Жаман емес!
Тағы да шешіп көр.
Жарайсыз!
Конституциядан хабарыңыз бар екен

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!