Данияр Елеусінов 20 қазанда жекпе-жекке шығады

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Алиев боксшының келесі жекпе-жегі 20 қазанда Бостонда өтетінін мәлімдеді.

Фото: Iinform.kz

Данияр келесі жекпе-жегін 20 қазан күні Бостонда өткізеді. Бірақ оның қарсыласы Рэй Мойлетт болмайды,

— дейді ол.

Данияр Елеусінов былтыр сәуірде кәсіпқой боксқа ауысты.

Оның қарсыласы болады деп болжанған Рэй Мойлетт 2008 жылы Мексикада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Данияр Елеусіновті жеңген  болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version