Басты бет Жаңалықтар Жаза өтеп жатқан 128 азаматқа дін саласындағы мемлекет саясаты түсіндірілді

Жаза өтеп жатқан 128 азаматқа дін саласындағы мемлекет саясаты түсіндірілді

Жыл басынан бері Алматыда түрмеде жазасын өтеп жатқан 128 азаматтың қатысуымен сегіз түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бұл туралы Алматы дін істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтылды. 

Көрнекі сурет

Жиынға теологтар, дінтанушылар мен заң саласының қызметкерлері қатысты. Олар шара барысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жайлы және Алматы Дін істері басқармасының жұмысымен танысты. Сонымен қатар жалған діни ағымдардың жетегінде кеткендердің зардаптары жайлы «Цена выбора» көрнекі видеоматериалын тамашалады.

Бұдан бөлек, мамандар қатысушыларға Қазақстан терроризмге қарсы күрестің алдын-алу аспектілеріне, зорлық-зомбылық көріністерінде экстремизмге қарсы тұрудың шын мәніндегі маңызды мәселесіне әлемдік қоғамдастықтың үлкен назарын аударғаны жайлы да еске салды.

Айта кетейік, Алматы дін істері басқармасының тапсырысымен жыл басынан бері ақпараттық-кеңес беру тобы 30 мыңнан астам адамды қамтыған 270 іс-шара ұйымдастырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version