Басты бет Жаңалықтар 28-30 шілде күндері ауа райы қандай болады?

28-30 шілде күндері ауа райы қандай болады?

Еліміздің оңтүстік-батысында термометр бағаны 40-42 градусқа дейін көтеріледі. 

Фото: Minval.az

«Қазгидромет» РМК мамандары 28-30 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

Болжам бойынша 29 шілде күні өткінші жаңбырға қарамастан республиканың солтүстік өңірлерінде ауа температурасы күндіз 25-30 градусқа дейін жоғарылайды. Бұл Иран аудандарынан жылы ауа массасының келуіне байланысты. Еліміздің оңтүстік-батысында термометр бағаны 40-42 градусқа дейін көтеріледі.

Қазақстанның шығыс бөлігінде циклонның биік қойнауының ықпалы сақталады, соның әсерінен өңірге салқын да ылғал ауа келе береді, бұл өткінші жаңбырға себеп болады. Бұршақ жауып, жел күшеюі және ауа температурасы құбылуы мүмкін.

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болып, жел күшейетінін, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда ғана жаңбыр жауатынын бұған дейін де хабарлаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version