Басты бет Тест Тест: Алматыдағы ескерткіштер

Тест: Алматыдағы ескерткіштер

Күнделікті тірлікпен жүргенде көшедегі ескерткіштерге мән бере бермейтініміз бар. Олардың кейбірі керемет өнер туындысы ретінде танылса, енді бірі тасада қалып қояды. Сіз Алматыдағы ескерткіштер мен олардың орналасқан жері туралы қаншалықты жақсы білесіз? Тест арқылы тексеріп көрейік.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz
0%

Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға арналған ескерткіш қай жылы қойылды?

Дұрыс! Қате!

Қазақтың батыр қыздарына арналған ескерткіш 1997 жылы 25 қазанда ашылды. Мемориалдың ашылуына Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Алматыдағы алып тиін мүсіні неден жасалған?

Дұрыс! Қате!

"Атакент" көрме орталығы алдына қойылған алып тиіннің арт-мүсіні қамыстан жасалған.

Мына мүсін Алматының қай жерінде?

Дұрыс! Қате!

Бұл мүсін Esentai Park-те орналасқан.

Алматыда асыққа арналған қанша мүсін бар?

Дұрыс! Қате!

Арбатта, Сейфуллин мен Бөгенбай көшелерінің қиылысында, және Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратының алдында асықтың мүсіні бар.

Алматыда аты жоғары оқу орнына берілген және университет аумағына ескерткіші қойылған тұлғалар бар. Қайсысы аталғандарға сәйкес келмейді?

Дұрыс! Қате!

Алматыда Мұхтар Әуезовтің атында ЖОО жоқ.

Алматыда қай тұлғаға ескерткіш қойылмаған?

Дұрыс! Қате!

Алматыда әзірше Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш жоқ.

Аталған мүсіндердің қайсысы Алматыда емес?

Дұрыс! Қате!

Алматыда балет бишісі бейнеленген мүсін жоқ.

Эйфель мұнарасының көшірмесі қай қалада бар?

Дұрыс! Қате!

Париждегі Эйфель мұнарасының көшірмесі Брюссель, Лас-Вегас, Токио, Ханчжоу және Алматы қалаларында бар. Алматыдағы мұнара "Француз үйі" ғимаратының алдында.

Суреттегі ескерткіш кімдікі?

Дұрыс! Қате!

Бұл - 2011 жылы композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевке Фурманов көшесі, қазіргі Назарбаев даңғылында қойылған ескерткіш.

Қай тұлғаның ескерткіші Алматының Жетісу ауданында емес?

Дұрыс! Қате!

Суретші Әбілхан Қастеевтің ескерткіші Бостандық ауданында.

Тест: Алматыдағы ескеркіштер
Жарайсыз!
Жаман емес!

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version