Басты бет Жаңалықтар Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы Ислам діні

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы Ислам діні

Жүсіп Баласағұнның барша түркі тілдес халықтарға ортақ «Құтты білік» дастаны – аты айтып тұрғандай, адамдарға ізгіліктің, адамгершіліктің жолын көрсету мақсатымен жазылған шығарма. Ақын бұл туындысында Құран Кәрім және сүннет жолын түркі халықтары түсіне алатын тілмен жеткізбек болған. Жүзге жуық хадисті қолданып, оларды халықтың көкірегіне құйып, дәстүр етіп ұстануын насихаттаған.

Ақын оқырманын имандылыққа, жан тазалығына тәрбиелеуде құр насихат емес, мұсылмандардың Құраннан кейінгі дәлелі – хадистерді қолдана отырып, Ислам дүниесінің негізгі ой қазығын адамдар санасында жаңартып, жаңғыртып, осылайша халықты мұсылмандықтың ізгі нұрымен сәулелендіре түседі. Әрі ақынның хадистерді қолдану барысында көп жерде «Хазірет Пайғамбар былай деген еді» деп жатпай, тікелей өлең шумақтарының арасына енгізіп жіберуі сол кезеңдегі халықтың бұл хадистерден хабардар екенін көрсетеді.

Ш.Әділбаеваның «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» кітабы бойынша жазылды.

Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version