Әлем чемпионына су жаңа Toyota Corolla автокөлігі тарту етілді. Атақты спортшыға мұның алдында да көлік сыйланған еді. Ал Назымның жеке жаттықтырушысы Жұмабек Өмірзақов чемпионды баптағаны үшін ақшалай сыйлыққа ие болды, деп хабарлады Алматы бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек боксшы қызға автокөлік сыйлап, спортшыға қолдау білдірген еді.
Назымжан бағың ашылсын! Еліміздің туын шамаң жеткенше желбіретіп жүрсің. Алайда, қыз бала екеніңді ұмытып кетпе. Өмір бір-ақ рет беріледі. Соны дұрыс пайдалана біл.