Басты бет Жаңалықтар Дауды азайтудың тиімді жолы билер сотын жандандыру — Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі 

Дауды азайтудың тиімді жолы билер сотын жандандыру — Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі 

Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен республикада билер сотын жандандыруды ұсынды. Мұндай пікір ведомствоның кеңейтілген жиналысында айтылды. 

©egemen.kz

«Дауды азайтудың тиімді жолы — билер сотын жандандыру. Бұл мәселе күн тәртібіне сұранып-ақ тұр. Сот төрағалары билер сотын енгізу мәселесін қарастыруы керек. Әрбір елді мекенде құрметті, абыройлы азаматтар бар. Оларды дайындап, медиация курстарында оқытып, би мәртебесін беру қажет. Олар бюрократиясыз, сотсыз, сөздің күшімен-ақ қақтығысты шешіп, тараптарды ортақ шешімге келтіре алады. Сонда қоғамда дау азайып, сотқа түсіріп отырған ауырлықты жеңілдетер еді», — деп пікір білдірді Сағатбек Сүлеймен.

Оның айтуынша, бабаларымыздың билер соты сияқты мұрасын қайта жандандыруымыз керек.

«Құрметті сот төрағалары, бұл мәселенің шешім жолы өз қолдарыңызда», — деді ол Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі сот корпусына.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version