Ұлттық қордағы қаржы жарты жылда 1,3 трлн теңгемен толықты

Түсімдердің басым бөлігі Атырау облысына тиесілі — 687,4 млрд теңге. Екінші орында Батыс Қазақстан облысы — 272,7 млрд теңге және үздік үштікке Манғыстау облысы 224,3 млрд теңгемен енді.

Бұдан басқа, Қызылорда облысы 87,6 млрд теңге салық жинаса, Ақтөбе облысы — 60,7 млрд теңге, Астана — 31,2 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстан облысы — 3,9 млрд теңге, Алматы — 3,3 млрд теңге аударды.

Ал Шығыс Қазақстан облысынан 2,7 млрд теңге аударылса, Ақтөбе облысынан — 100,6 млн теңге, Жамбыл облысынан — 7,8 млн теңге, Ақмола облысынан — 5,3 млн теңге түсті.

Қарағанды облысы Ұлттық қорға 4,2 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысы — 2,2 млн теңге, Павлодар облысы — 165 мың теңге аударды.

Ал Қостанай облысынан төлемдер мүлдем түспеген.

Дереккөзbaq.kz