Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық жанкүйерлер Хорватия президентімен суретке түсті

Қазақстандық жанкүйерлер Хорватия президентімен суретке түсті

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатына барған қазақстандық футбол жанкүйерлері сәтті кездесуді қалт жібермеді. Олар Хорватия президенті олинда Грабармен суретке түсе алды.

Қазақстандық жанкүйерлер және Хорватия президенті Колинда Грабар. Фото: tengrinews.kz

Колинда Грабар селфиге түсуге қарсылық білдірмеген. Хорватия президенті чемпионат барысында бұған дейін де көпшілікпен еркін араласа беретін қарапайымдығымен әлем жұртшылығын таңқалдырып үлгерген еді. Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатына ол эконом-класпен ұшып келген.

Еске сала кетейік, өткен түнде Хорватия құрамасы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Англия командасын жеңіп, өз тарихында тұңғыш рет финалға жолдама алған болатын. Енді Хорватия командасы 15 шілде күні Мәскеудің «Лужники» стадионында Франция құрамасымен ойнайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version