Басты бет Жаңалықтар Астанада «ТМД аруы» байқауы өтетін болды

Астанада «ТМД аруы» байқауы өтетін болды

Байқау Қазақстанда туризм мен қатысушы елдер арасындағы мәдениетті дамыту мақсатында ұйымдастырылуда.

Нұр-Сұлтан. Фото: Іnform.kz

Бастауын 1996 жылдан алатын ТМД аруы атағы үшін 16 елден 25-тен астам сұлулар бағын сынайды. Байқауда өз елін таныстыратын арулар бұған дейін бірнеше сатыдан тұратын іріктеу кезеңдерінен өтті.

Сайыста арулар өз елдерінің ұлттық киімі мен кешкі сәнді киімде сән көрсетеді.

«Біз үшін бұндай кең көлемдегі шараны өткізу — үлкен жауапкершілік. Мақсат — ТМД елдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Қазақстанның атынан байқауда бірнеше ару бағын сынайды, оның екеуі белгілі, үшінші аруға іріктеу 1 шілдеге дейін Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жүруде», — дейді «Velada Group» халықаралық сұлулық агенттігінің бас директоры, Қазақстанда ТМД аруы-2018 байқауының ұйымдастырушысы Зарина Көптілеуова.

Одан бөлек, байқауға қатысушы ТМД арулары Астанаға сайыстан 10 күн бұрын келіп, қазақ елінің қонақжайлығымен және Астананың көрікті жерлерімен танысып, сонымен қатар қайырымдылық шараларына қатысады.

Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылуда. Сұлулық байқауына әлемдік деңгейдегі эстрада жұлдыздары мен сән әлемінің көрнекті өкілдері, дизайнерлер қатысады деп күтілуде.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version