Басты бет Жаңалықтар Алматыда діни мәдениеттің рөлін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді

Алматыда діни мәдениеттің рөлін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді

Алматы әкімдігі және ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты "Дін саласындағы мемлекеттік саясат және қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті бағыттарының бірі ретінде "Діни қызмет пен діни бірлестіктер мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы тақырыбындағы" дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты — қоғамдық сананы жаңғыртудағы дін және діни мәдениеттің рөлін талқылауға, заңның жаңа аспектілері контексінде зайырлы Қазақстандағы діннің функцияларын түсінуге бағытталған.

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Бижанов дөңгелек үстелдің модераторы ретінде өз кіріспе сөзімен отырыстың жұмысын ашады. Алғы сөздерімен Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев және Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов сөз сөйлейді.

Дөңгелек үстелдің негізгі баяндамашысы — Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Алматы әкімдігі жанындағы Діни ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңес мүшелері, ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты», Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетінің ғалымдары мен мамандары, сондай-ақ, діни бірлестіктер мен қоғам өкілдері қатысады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version