Басты бет Жаңалықтар Бас мүфти Түркістан облысының имамдарына діни тақырыпта дәріс жүргізді

Бас мүфти Түркістан облысының имамдарына діни тақырыпта дәріс жүргізді

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласында өңір имамдарымен кездесіп, дәріс жүргізді.

Фото: muftyat.kz

Бас мүфти Түркістан облысының имам-молдаларына бүгінгі дін қызметкерлерінің келбеті, жұмысқа деген жауапкершілік, дін мен дәстүрді насихаттаудың мәні мен маңызы, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімі, ислам және ғылым, қазіргі діни ахуалды жақсартудың жолдары, т.б. тақырыптар төңірегінде дәріс жүргізіп, насихатын жеткізді.

«Біз ақпарат пен технология сәт сайын жылдам дамып жатқан ашық қоғамда өмір сүріп отырмыз. Қазіргі сәттегі оқиға бірер мезеттен кейін өзінің маңыздылығын жоятын жағдайға жеттік. Біз, дін қызметкерлері уақыттың өзі талап еткен осынау үдерістермен бірге өмір сүріп, игі істер мен ізгі жұмыстарда белсенділік танытуымыз тиіс», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Айта кетейік, Шымкент шаһарындағы Қазақстан халқы ассамблеясының ғимаратында өткен Дінбасы дәрісіне 800-ге жуық имам-молда қатысты.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version