Басты бет Жаңалықтар 19 маусымға арналған ауа райының болжамы

19 маусымға арналған ауа райының болжамы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде дауыл соғып, бұршақ жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Фото: Politeka.net

Павлодар облысында 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. Кей жерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерінде дауыл соғып, бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Алматы, Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысында күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде күндіз жел шаңды дауылмен көтеріліп, 15-20 м/с екпінмен соғады.

Қарағанды облысының кей жерінде түнде жел 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version