Басты бет Жаңалықтар Астанада «Астана-Арқау» атты түркі музыкасы фестивалі өтеді

Астанада «Астана-Арқау» атты түркі музыкасы фестивалі өтеді

Тегі бір, тілі ұқсас, тілегі ортақ түркі елдерінің дәстүрлі музыкасына арналған «Астана-Арқау» фестивалі елорда төрінде осымен он бірінші мәрте өткелі отыр. Фестиваль шілденің 4-і мен 5-і күндері, сағат 19.00-де «Астана Опера» мемлекеттік театрының камералық залында басталады.

Көрнекі сурет

Түркі халықтарының айтулы музыканттары қатысатын  «Астана-Арқау» фестивалі — бауырлас елдердің  музыкалық мұрасын насихаттауға арналған мәдени жоба. Астаналық көрермен туысқан халықтардың музыкалық мәдениетімен жақынырақ танысып, сирек кездесетін аспаптардың үнін естуге мүмкіндік алады. 11 жылда фестивальға түркі халықтарының  500-ден астам  айтулы музыканттары мен белгілі ғалымдары қатысты. Айта кетейік, мұндай ірі көлемдегі фестиваль Астанада ғана өткізіліп келеді.

Түркі фестивалі
©inform.kz

Биыл фестиваль қонақтарының арасында Қырғызстанның халық әртісі және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Саламат Садықова, ҚР еңбек сіңірген әртістері Шәміл Әбілтай, Рамазан Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова, Ерболат Шалдыбеков, Сәрсенғали Жүзбаев, Тілеулес Құрманғалиев, Ақмарал Ноғайбаева, Бақытжан Дүйсенғазиев және тағы басқалар бар.

«Астана-Арқау» фестивалі түркі халықтарының сан қырлы  этномузыкасының ерекшеліктерін ашуды, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтарға Қазақстан Республикасының жаңа тарихын таныстыруды көздейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version