Басты бет Жаңалықтар Әлемдегі ең күшті суперкомпьютер жасалды

Әлемдегі ең күшті суперкомпьютер жасалды

Жаңа суперкомпьютер бір секундта 200 мың триллион операцияны жасай алады.

Суперкомпьютер ©Ок-Ридж ұлттық зертханасы

Ол Summit қуаты жөнінен бәсекелестерінен үш есе мықты. Оның өндірістік қуаттылығы 200 петафлопс. Бұған дейін ең күшті деп есептелініп келген қытайлық Sunway Taihu Light суперкомпьютерінің өндірістік қуаты 93 петафлопс.

Жалпы, Summit бірінші кезекте астрофизика, рак зерттемелерінде және жүйелік биология саларында қолданылатын болады. Бүгінде суперкомпьютер Теннесси штатындағы Ок-Ридж ұлттық зертханасында тұр. Бұл компьютерді IBM компаниясы графикалық процестерді өндірумен айналысатын NVIDIA-мен бірлесіп жасақтады.

«Машина құрастырылып жатқан кезде анықтау операциялары үшін қолданылды. Өздеріңіздерді дөңгелегін ауыстырып бітпейінше қозғалысын тоқтатпайтын машинанының жүргізушісі ретінде елестетіңіздерші», — деді Ок-Ридж зертханасының директоры Томас Закариа.

Жалпы, Summit 20 мегаватт энергияны тұтынады – бұл шағын қаланы қамтамасыз етуге жетеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version