Басты бет Жаңалықтар Қуандық Бишімбаев: Бюджетте Ұлттық пантеонды салуға қаражат жоқ

Қуандық Бишімбаев: Бюджетте Ұлттық пантеонды салуға қаражат жоқ

Республикалық бюджетте Ұлттық пантеонды салуға қаражат жоқ. Бұл туралы Астанадағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысының алдында Қазақстанның ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаев

Бұл мақсатта қаражат бөлу 2017 жылдың бюджетінде де қарастырылмаған.

Естеріңізге салсақ, Ұлттық пантеонның бірінші тізбегін салуға 2,3 миллиард теңге қажет екен. Бұл туралы Астана әкімдігінен хабарлаған болатын.

Оның алдында қала әкімдігінен пантеон құрылысының техникалық экономикалық негіздемесі 79 миллиард теңгені құрағанын айтқан.

Ұлттық пантеонды Астана қаласының шегарасынан 17 киллиометр жерге, Целиноград ауданыныдағы Қабанбай ауылының маңына орналастырмақ. Пантеон мемлекет, ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлерінің сағанасы болмақ. Үздік эскиз идеясын «Проектная академия» КазГор» ЖШС ұтып алған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version